05 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №43

275 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 5 ақпан, Астана, Үкімет үйі «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2014 - 2015 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1536 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2014 - 2015 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1536 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 79, 1047-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің 2014-2015 жылдарға арналған ұлттық жоспарында (бұдан әрі - Ұлттық жоспар): 3,4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қолданыстағы қондырғылар үшін 154 883 190 бірлік мөлшеріндегі квота көлемі 1-қосымшадагы кестеге сәйкес 2014 жылға экономика салалары бойынша тегін бөлінеді. Қолданыстағы қондырғылар үшін 152 559 935 бірлік мөлшеріндегі квота көлемі 1-қосымшадагы кестеге сәйкес 2015 жылға экономика салалары бойынша тегін бөлінеді.»; көрсетілген Ұлттық жоспарға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген Ұлттық жоспарға 2-қосымшада: энергетика саласында жұмыс істейтін қондырғылар үшін квота көлемінің бірліктерінде: реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 8 «Астана-Энергия ЖЭО-1 АҚ 630 557 630 557 621 099 1 251 656 »; мына: « БАРЛЫҒЫ: 93 389 600 93 389 600 91 988 756 185 378 356 »; деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « БАРЛЫҒЫ: 92 889 901 92 889 901 91 496 552 184 386 453 »; көмір, мұнай және газ өндіру саласында жұмыс істейтін қондырғылар үшін квота көлемінің бірліктерінде: реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 34 «Қазгермұнай» БК 343 107 343 107 337 960 681 066 ЖШС »; реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 36 «OilServicesCompany» 31 677 31 677 31 201 62 878 ЖШС »; реттік нөмірі 46-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 46 «Сары-Арқа Спецкокс» АҚ 150 593 150 593 148 334 298 928 « реттік нөмірі 55-жол мынадай редакцияда жазылсын: »; 55 «Саутс-Ойл» ЖШС Кеңлік к/о 71 059 71 059 69 993 141 051 »; реттік нөмірі 58-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 58 «Сырдариямұнай» ЖШС 40 228 40 228 39 624 79 852 »; реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 64 «ҚАРАЖЫРА ЛТД» ЖШС 65 406 65 406 64 425 129 832 »; мына: « БАРЛЫҒЫ: 23 401 215 23 401 215 23 050 196 46 451 411 »; деген жол мынадай редакцияда жазылсын : « БАРЛЫҒЫ: 23 430 347 23 430 347 23 078 885 46 509 232 »; өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін қондырғылар үшін квота көлемінің бірліктерінде: реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 2 «Аltyntay Kokshetay» ЖШС 68 327 68 327 67 302 135 628 »; реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 25 «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы 22 656 22 656 22 316 44 972 »; реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 33 «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС 1 187 430 1 187 430 1 169 619 2 357 050 ». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 43 қаулысына қосымша Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің 2014-2015 жылдарға арналған ұлттық жоспарына 1-қосымша Экономика салалары бойынша квота көлемінің бірліктері Экономика саласы Саладағы кәсіпорын саны 2014 жылға арналған квота көлемі (базалық желіден 0%),көміртегі қостотығының тоннасы 2015 жылға арналған квота көлемі (базалық желіден 1,5%), көміртегі қостотығының тоннасы Энергетика 60 92 889 901 91 496 552 Көмір, мұнай, газ өндіру 66 23 430 347 23 078 885 Өнеркәсіп 40 38 562 942 37 984 498 Барлығы 166 154 883 190 152 559 935